Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау агентігінің төрағасыМарат Омаровты қабылдауда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жүргізіп жатқан монополияға қарсы тергеу жұмыстары туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзу белгілері бар 293 хабарлама берілген, оның 78 пайызы өз еркімен орындалған.

Марат Омаровтың мәліметінше, агенттік жұмысындағы стратегиялық бағыттар – бәсекелестікті дамыту және қорғау бойынша тиімді жұмысты қамтамасыз ету, өндірістің негізгі факторларының кәсіпкерлік субъектілеріне теңдей қолжетімді болуын қамтамасыз ету, жеке бастаманы қолдау және бәсекелестік алаңын фаворитизмнен тазарту.

Мемлекет басшысының қабылдауында болған агенттік басшысы Жолдауда айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру жоспары туралы баяндаған.

"Мемлекет басшысына Жолдауда айтылған, соның ішінде бірыңғай операторларды қысқарту және конгломераттардың қызметін реттеу бөлігінде берілген тапсырмаларын жүзеге асыру жоспарлары туралы баяндалды. Агенттік мемлекеттік қолдау шараларының теңдей қолжетімді болуын қамтамасыз етуге, экономикадағы жеке кәсіпкерліктің үлесін арттыруға, экономиканың негізгі салаларында бәсекелестікті дамыту жұмысына ерекше көңіл бөледі", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1987372-toqaev-basekelestikti-qorgau-zane-damytu-agenttiginin-toragasyn-qabyldady/

pixel