Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жылдық инфляция 16%-дан асты: Смайылов әкімдерге азық-түлік бағасы бойынша тапсырма берді

Опубликовано:

Супермаркетте арбамен тауар алып жүрген әйел
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 8 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды деп хабарлайды primeminister.kz.

Премьер-министрдің айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда экономикалық өсім 3,1 пайызды құраған.

Смайыловтың мәліметінше, Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,1 пайызды құраған.

Одан бөлек, премьер-министр экономикалық өсудің негізгі драйверлері өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, оның ішінде автомобиль жасау, локомотивтер мен вагондарды қосқанда, басқа да көлік құралдарының өндірісі екенін атап өтті.

Өңдеуші секторда химия өнеркәсібі 2 пайызға, жеңіл өнеркәсіп 7,5 пайызға, металлургия 5 пайыздан астам және мұнай өңдеу 4 пайызға өсіп, жоғары динамиканы көрсетті. Тау-кен өнеркәсібінде көмір өндіру 2,2 пайызға, табиғи газ өндіру 3 пайызға және кен өндіру 5 пайыздан астамға ұлғайып, тұрақты өсім тіркеліп отыр.

Құрылыс секторында жоғары өсу қарқыны қамтамасыз етіліп, 8,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығында, саудада, көлік және байланыс салаларында оң динамика тіркелген.

Оның айтуынша, тамыз айының қорытындысы бойынша елімізде жылдық инфляция 16 пайыздан асып кетті. 

"Өңір әкімдіктері мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру, азық-түлік өнімдерінің өндірісін ынталандыру және ішкі нарықты толықтыру бойынша жұмыстарды күшейтуі қажет", — деді премьер-министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1987471-zyldyq-inflyaciya-16-dan-asty-smaiylov-akimderge-azyq-tulik-bagasy-boiynsa-tapsyrma-berdi/

pixel