Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Рим Папасын елорда әуежайында қарсы алды

Опубликовано:

Рим папасы мен Тоқаев
Рим папасы мен Тоқаев. Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасын елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Борт N1 Telegram арнасы.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискті елорда әуежайында өзі қарсы алды

Қарсы алу рәсімі барысында мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін Қазақстан Президенті мен Католик шіркеуінің басшысы президенттік терминалдың Каминді залында қысқаша әңгімелесті.

Кездесу соңында мәртебелі қонақтың кортежі Ақордаға бағыт алды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келе жатқан Рим папасы Францисктің әуе борты елорда әуежайына қонғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1987566-toqaev-rim-papasyn-elorda-auezaiynda-qarsy-aldy/

pixel