Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Рим Папасы екіжақты кездесу өткізді

Опубликовано:

Рим папасы
Рим папасы мен Тоқаев. Фото: t.me/bort_01

"Ақорда" резиденциясында Рим Папасы Францискті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Борт N1 Telegram арнасы.

Құрмет қарауылының бастығы елдер көшбасшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Ватиканның әнұрандары шырқалды.

Содан кейін президент пен Рим Папасы келіссөз жүргізу үшін "Шығыс" залына өтті.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонаққа зор ілтипат білдіріп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысу туралы шақыруды қабыл алғаны үшін Рим Папасына алғыс айтты", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келе жатқан Рим Папасы Францисктің әуе борты елорда әуежайына қонғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1987577-toqaev-pen-rim-papasy-ekizaqty-kezdesu-otkizdi/

pixel