Елорданың атауын өзгерту: Конституциялық кеңес түзетулерді мақұлдады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Конституциялық кеңес мемлекет басшысы ұсынған заңға түзетулерді мақұлдады. Олардың арасында елорданың атауын өзгертуге қатысты норма да бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Заң жобасы Конституцияда Республика президенті өкілеттігінің бір мәрте жеті жылдық мерзімін белгілеуді, сонымен қатар Заңның 2-бабына ел астанасын қайта ауыстыруға қатысты өзгерістер енгізуді көздейді", - делінген Конституциялық кеңестің қорытындысында.

Еске сала кетейік, бұған дейін депутаттардың елордаға Астана атауын қайтару туралы ұсынысы мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілген еді.

Сонымен қатар қаржы министрлігі елорданың бұрынғы атауы қайтарылған жағдайда бұның қосымша қаржы талап етпейтінін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1987670-elordanyn-atauyn-ozgertu-konstituciyalyq-kenes-tuzetulerdi-maquldady/