jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Рим Папасы дін басшыларының съезінде Абайдың сөзін мысалға келтірді

    Рим папасы
    Фото: Ақорда

    Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде Рим Папасы Франциск Абай Құнанбайұлының сөзін мысалға келтірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Абай адамгершіліктің бастауы махаббат пен әділдік екенін еске салады. Қандай жағдай болмасын зорлық-зомбылықты ақтап алуға болмайды. Біз бейбіт өмір сүруді өз пайдамыздың мақсаты үшін қасиетті мағынасын жоғалтуға жол бермейміз", - деді понтифик.

    Осы орайда Рим Папасы қақтығысты қару-жарақ және ұрыс керіспен емес, Жаратушыға ұнамды, адамға лайықты құралдармен шешуге шақырды.

    "Абай білім-ғылымға ұмтылып, өзгелердің мәдениеті мен дәстүрін білуге, тарихы мен әдебиетін зерттеуге үндеді. Сіздерден өтініп сұрайтыныным: қаруға емес, білімге ақша құяйық", - деді ол.

    Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысып, сөз сөйлегін жазған едік.

    Рим Папасы дін басшыларының съезінде Абайдың сөзін мысалға келтірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.