Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Си Цзиньпинді "Алтын Қыран" орденімен марапаттады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді "Алтын Қыран" орденімен марапаттады, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram-каналы.

"Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – "Алтын Қыран" орденімен наградтады", – деп жазылған мемлекет басшысының баспасөз қыметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, Ақорданың ресми сайтында Қытай көшбасшысына орден беру туралы жарлық жарияланды. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

Бұған дейін Қазақстан Президенті елге мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді астаналық әуежайда жеке қарсы алған болатын. Әуе айлағында мәртебелі мейманның құрметіне арнайы қарауыл тұрғызылды. Осыдан кейін Қытай басшысының кездесуі салтанатты түрде Ақордада өтті.

Кейін мемлекеттер басшылары кездесу өткізіп, тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

ҚХР басшысы Си Цзиньпин коронавирустық пандемия басталғаннан кейін алғаш рет осындай сапармен басқа елге барғаны атап өтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1987789-toqaev-si-czinpindi-altyn-qyran-ordenimen-marapattady/

pixel