Желіде Тоқаевтың Си Цзиньпинмен жылы қоштасқан сәтінің видеосы пайда болды

Опубликовано:

Тоқаев
Видеодан кадр: t.me/bort_01

Президенттің баспасөз қызметі bort_01 Телеграм-каналында Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді шығарып салған сәтінің видеосын жарияланды.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді әуежайда шығарып салып, жылы қоштасты", - делінген хабарламада.нің

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті елге мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді астаналық әуежайда жеке қарсы алған болатын. Әуе айлағында мәртебелі мейманның құрметіне арнайы қарауыл тұрғызылды. Осыдан кейін Қытай басшысының кездесуі салтанатты түрде Ақордада өтті.

Кейін мемлекеттер басшылары кездесу өткізіп, тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

ҚХР басшысы Си Цзиньпин коронавирустық пандемия басталғаннан кейін алғаш рет осындай сапармен басқа елге барғаны атап өтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1987802-zelide-toqaevtyn-si-czinpinmen-zyly-qostasqan-satinin-videosy-paida-boldy/