Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Самарқандта өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысады

Опубликовано:

ШЫҰ мүше елдер туы
Көрнекі фото: sectsco.org

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметінің БОРТN1 Telegram-арнасы.

Естеріңізге сала кетейік, Самарқандта ШЫҰ саммиті 15-16 қыркүйек күндері өтеді. Бұған дейін Тоқаев пен Мирзиеев телефон арқылы алдағы саммиттің күн тәртібі туралы пікір алмасқан болатын.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) Қазақстан, Ресей, Қытай, Үндістан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстан мүше. Шілде айында Беларусь ШЫҰ-ға кіруге өтініш берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1987894-toqaev-samarqandta-otetin-sanxai-yntymaqtastyq-uiymy-sammitine-qatysady/

pixel