Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"30 млн теңгеден аз": Мәслихат елорда атауын өзгертуге кететін қаржы туралы айтты

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Елорда мәслихаты қала атауын қайта өзгертуге қанша қаражат қажет болатынын есептеп шықты. 2019 жылы астана атауына Нұр-Сұлтанға өзгерту үшін 30 миллион теңгеге маңдайшалар мен мөрлер ауыстырылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елорда мәслихатының хатшысы Ерлан Қаналимов елорданың атын өзгертуге қажетті соманың есептелгенін, шығын 2019 жылмен салыстырғанда аз болуы керектігін айтты.

Бірақ нақты сома айтылмады.

"2019 жылмен салыстырғанда барлық мемлекеттік орган толығымен цифрлық құжат айналымы форматына көшті. 2019 жылы өзгерістер (қала атаулары – ред.) болғанын ескерсек, жалпы сол жылы әкімдік маңдайшаларды, бланктерді, мөрлерді ауыстыруға 30 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсаған.

Менің ойымша, биыл цифрлық құжат айналымына өткенімізді ескерсек, шығындар әлдеқайда аз болады деп ойлаймын. Өйткені қазір көптеген мемлекеттік орган ресми түрде бланкімен емес, ЭСҚ пайдаланады", - деді Каналимов.

Бұған дейін қаржы министрлігі елорданың бұрынғы атауы қайтарылса, оған қосымша қаражат талап етілмейтінін мәлімдеген.

Ал, бір күн бұрын Конституциялық кеңес негізгі заңға өзгертулерді, оның ішінде Астана атауын елордаға қайтару нормасын мақұлдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1987901-30-mln-tengeden-az-maslixat-elorda-atauyn-ozgertuge-ketetin-qarzy-turaly-aitty/

pixel