Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда атауын Астанаға қайта ауыстыру: Мәслихат депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдады

Опубликовано:

Елорда күні
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Юлия Абрамова

Бүгін, 15 қыркүйекте елордада ел астанасының атауын өзгерту мәселесі бойынша кезектен тыс сессия өтті. Депутаттардың барлығы Нұр-Сұлтан атауын Астанаға өзгерту туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Дүниежүзілік тәжірибеде астаналар мен штаттардың атын өзгертудің мысалдары бар. Енді Жаңа Қазақстанға енген кезде елорданың жаңа атауы символдық мәнге ие. Мен туған жерім ретінде Астана атауының қалаға қайтарылуын қолдаймын – бұл тек Қазақстанда ғана емес, әлемде де белгілі. Бұл танымал бренд", - деді Amanat партиясының өкілі, депутат Азамат Серікпаев.

Бұған дейін ономастикалық комиссия елорданың атауын өзгерту туралы ұсынысты қолдаған болатын. Конституциялық кеңес те мемлекет басшысы ұсынған Ата заңға өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдаған болатын.

Еске сала кетейік, қыркүйек айының басында "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері "Астана" атауын елордаға қайтару тарихи әділетті шешім болатынын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1987926-elorda-atauyn-astanaga-qaita-auystyru-maslixat-deputattary-usynysty-birauyzdan-qoldady/

pixel