Тоқаев Рим Папасын елорда әуежайынан шығарып салды (фото)

Опубликовано:

Тоқаев пен Рим Папасы
Фото: t.me/bort_01

Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасын шығарып салды, деп хабарлайды bort_01 Telegram-каналы.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискті елордамыздың әуежайынан зор құрметпен шығарып салды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстан президенті Рим Папасы Францискке қонақжай қазақ жерінен естелікке домбыра сыйлады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін президенттің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді шығарып салған сәтінің видеосын жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1988006-toqaev-rim-papasyn-elorda-auezaiynan-sygaryp-saldy-foto/