Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Опубликовано:

Парламент отырысы
Көрнекі фото: primeminister.kz

Елордада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отырыс онлайн-режимде көрсетіледі.

Жиынға депутаттық корпустан бөлек, мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, премьер-министр Әлихан Смайылов бастаған үкімет мүшелері толық құрамда келген.

Сонымен қатар Конституциялық кеңес пен Жоғарғы соттың төрағалары мен мүшелері, президентке тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, мемлекеттік ұйымдар басшылары, азаматтық қоғам өкілдері де қатысып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйек күні парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жолдады.

VII сайланған парламенттің үшінші сессиясының ашылуында мемлекет басшысы 2023 жылы мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Жолдау барысында ол Қазақстанда қайта сайлану құқығынсыз жеті жылға "бір реттік президент сайлауын" енгізуді ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1988116-nur-sultanda-parlament-palatalarynyn-birlesken-otyrysy-bastaldy/

pixel