Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әділет министрі президентті неліктен 7 жылға бір рет қана сайлау ұсынылып отырғанын түсіндірді

Опубликовано:

Референдум өткізу
Көрнекі фото: gov.kz

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Әділет министрі мемлекет басшысын неліктен 7 жылға бір рет қана сайлау ұсынылып отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"7 жылдық кезең сайлауалды бағдарламаны, стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл жеткілікті мерзім, біз солай ойлаймыз. Сондықтан заң жобасына мұндай норма енгізілді", - деп түсіндірді министр Қанат Мусин.

Сондай-ақ ол ұсынылған Конституциялық новелла биліктің монополиялану тәуекелдерін едәуір төмендетеді және билікті қалыптастыру мен жұмыс істеуінің өркениетті қағидаттарын белгілейді деп есептейді.

Бұдан бөлек депутаттардың пікірінше, бір мерзімді президенттік сайлау билікке жаңа саясаткерлердің, оның ішінде жас саясаткерлердің келуіне жол ашады.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1988132-adilet-ministri-prezidentti-nelikten-7-zylga-gana-sailau-usynylyp-otyrganyn-tusindirdi/

pixel