Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін "Конгресс орталыққа" барды

Опубликовано:

Тоқаев
Тоқаев пен Өзбекстанның президенті. Фото: t.me/bort_01

Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің саммитіне қатысу үшін "Конгресс орталыққа" барды, деп хабарлайды bort_01 Telegram-каналы.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін "Конгресс орталыққа" келді", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысын "Конгресс орталықта" Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Еске сала кетейік, кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына барды.

Мемлекет басшысы Самарқанд әуежайында Өзбекстан Республикасының премьер-министрі Абдолла Арипов күтіп алды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1988137-toqaev-sanxai-yntymaqtastyq-uiymynyn-sammitine-qatysu-usin-kongress-ortalyqqa-bardy/