Елорда күні 6 шілде болып қала бере ме: Әділет министрлігі жауап берді

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан
"Бәйтерек" монументы: NUR.KZ/Алена Бутенко

Бүгін сенат пен мәжіліс депутаттары елорда атауын Нұр-Сұлтаннан Астанаға өзгертуді қолдап дауыс берді. Бұл ретте Әділет министрлігі 6 шілде - елорда күні болып қала беретінін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Zakon.kz әділет министрлігіне қала күніне байланысты сауалнама жолдаған. Ведомство берген жауапқа сәйкес, қала күні заңға сәйкес 6 шілде болып қала беретінін мәлім еткен.

"Астана күнін кейінге қалдыру туралы сөз жоқ. "Мерекелер туралы" заңға сәйкес Астана күні 6 шілдеде тойланады", - деп жауап берді әділет министрлігі.

Айта кетейік, 16 қыркүйекте парламент депутаттары елорданың бұрынғы атауы – Астана атауын қайтаратын Конституцияға өзгертулер енгізуді екі оқылымда қолдады. Құжат мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1988176-elorda-kuni-6-silde-bolyp-qala-bere-me-adilet-ministrligi-zauap-berdi/