Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Келесі президент елорданың атауын өзгерте ала ма: Әділет министрлігі пікір білдірді

Опубликовано:

астана
Елорда көрінісі. Фото: pixabay.com

Әділет министрі Қанат Мусин парламент отырысында елорданы ресми түрде қашан Астана деп атауға болатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Әділет министрінің сөзінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, елорданың атауы туралы Конституцияға түзетулер президент жарлығы арқылы жүзеге асырылады.

"Бұл ресми түрде атауды өзгертуді аяқтайды. Президент заң жобасына бір ай ішінде қол қоюы керек", - деді министр.

БАҚ өкілдері келесі президент елорданың атын қайтадан өзгерте ала ма, әлде мәңгіге Астана болып қала ма деп сұрады.

"Елорданың атауы өзгермейтін нормаларға қатысты емес, яғни бұл мүмкін", - деп түйіндеді Мусин.

Еске сала кетейік, сенат пен мәжіліс депутаттары елорда атауын Нұр-Сұлтаннан Астанаға өзгертуді қолдап дауыс берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1988180-kelesi-prezident-elordanyn-atauyn-ozgerte-ala-ma-adilet-ministrligi-pikir-bildirdi/

pixel