Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың Самарқандтағы сапары аяқталды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан премьерінің шығарып салу сәті. 16 қыркүйек 2022 жыл
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абдолла Арипов. Фото: t.me/bort_01

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Самарқандқа жұмыс сапары аяқталды. Бұл туралы "Борт №1" ресми Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазақстан Президентінің Самарқандқа жұмыс сапары аяқталды. Мемлекет басшысын әуежайдан Өзбекстанның Премьер-министрі Абдолла Арипов шығарып салды", - делінген хабарламада.

Айта кетелік, Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандқа кеше кешкісін ұшып барды.

Кейін Тоқаевты Silk Road туристік кешенінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеев күтіп алды.

Бүгін мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық одағына мүше мемлекеттердің басшыларымен ортақ мәселелерді талқылап, Иран президенті Ибрахим Раиси және Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен кездесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1988257-toqaevtyn-samarqandtagy-sapary-ayaqtaldy/

pixel