Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық кәсіпкерлер бес мың теңгеге өндіріс жасауға тапсырыс бере алады

Опубликовано:

Ермек Кенгербаев
Фото: "КазБАД"

Көптеген кәсіпкер жеке бизнесін ашып, өз тауарын шығарып, отандық өндіруші болғысы келетіні анық. Десе де кейбірі жабдық сатып алып, жеке өндірістік желіні іске қосуға кететін шығындардан, бастысы білікті мамандардың тапшылығынан тартыншақтайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мұндай жағдайда келісімшарттық өндіріс көмекке келеді. Оған сәйкес бастаушы немесе ісі бар кәсіпкерге басынан аяғына дейін әзірленген концепт жасап береді, одан бөлек шикізат сатып алып, құжатын әзірлеп, тауарды өлшеп және орап, оны ары қарай сатылымға толығымен әзірлеп береді. Дәл мұндай өндіріспен ЖШС ретінде 2015 жылдан бері тіркелген "ҚазБАД"» компаниясы айналысады.

Келісімшарттық өндіріс жеке желі сатып алуға кететін қаражатты үнемдеуде тиімді, сонымен бірге тауардың тұрып қалу қаупі болмайды. Оған қоса көрсететін қызметтерінің аясы кең және жұмысты атқару жылдамдығы жоғары. Тағы бір айта кететін жайт, сұйық өнімді құю немесе шай, жармалар, ББҚ-ға (ред. – биологиялық белсенді қоспалар) арналған шикізаттар секілді сусыма заттарды өлшеуге алғашқы тапсырысты бес мыңға жасауға болады.

КазБАД
Фото: "КазБАД"

Бұл бағаның ішіне құю, тығындау, затбелгіні жабыстыру, клиент ұсынған қораптарға орау, сондай-ақ өндірістік принтердің көмегімен таңдалға ыдысты таңбалау кіреді.

"Біз клиенттеріміздің жұмысты тезірек бастауын мақсат етеміз. Өндірісті жүзеге асыру қиын әрі қымбат деп ойлайтындар бар. Бірақ, клиентке не қажет екеніне қатысты түсінік айқын болса, онда процесс те жедел жүреді. Біз тауарды орауды баспа үйінің стикер не қорап жасап шығаратын уақытынан да жеделірек орындаймыз", - дейді "ҚазБАД" ЖШС директоры Ермек Кенгербаев.

Бес мыңға аудиторияны өндірілетін өніммен таныстыру мақсатында шығарылатын тауар топтамасын жасауға және тауар көлемі бойынша байқап көру үшін тапсырыс беріп, кейін ірі көлемдегі тапсырыстарды табыстауға болады. Дегенмен компания қызметтерінің құны қолжетімді екенін атап өтуге болады. Келісімшарттық өндіріске шамамен қанша шығын кететінін кез келген адам өз бетінше "ҚазБАД" сайтынан көруге болады. Онда ақпарат ашық және қолжетімді.

КазБАД
Фото: "КазБАД"

Кәсіпкерден керегі – тек бизнес-идея жасау ғана. Ал оны жүзеге асыру – "ҚазБАД" ЖШС міндеті. Компания тапсырыс берушіге тауарды өлшеу және орап қана бермейді, сонымен бірге БАД-тар, қол жақпамайлары, сусабындар мен өзге де өнімдер шығаруға арналған шикізат сатып алуға да көмек бере алады.

"Біз Американың ірі Alfavitamins, Үндістанның ELSA, сондай-ақ Малайзия, Сингапур және Ресейдің өндірушілерімен ниет және жеткізу шарттарына отырдық. Кей шикізатты біз өзіміз де шығарамыз. Мәселен, біз өнімнің барлық пайдалы заттарын сақтауға мүмкіндік беретін 40 градустан аспайтын температурада кептіретін сублимация қызметін көрсетеміз. Осылайша, саумал мен шұбатты кептірумен айналысамыз", - дейді Ермек Кенгербаев.
Ермек Кенгербаев
Фото: "КазБАД"

КазБАД жаңа өнім жасауда Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-мен және Panalig иммуномодуляторын жасап шығарған университеттің ғылыми қызметкері, физика-химия ғылымдарының докторы Дияс Мырзақожамен серіктес. Бүгінгі таңда шығарылған препараттың көлемі шектеулі – 3 000 қорап қана. Оның 2 000 қорабын Катар сатыпалушылары алған.

Компания қызметіне Қазақстанның ғана емес, өзге де елдердің шағын және ірі бизнес субъектілері жүгінеді. Олармен компания қашықтықтан жұмыс істейді.

Сонымен бірге, келісімшарттық өндіріс тауарды одан ары дамытуға – өнімді тіркеуге, патенттеуге және өзге елдерге экспорттауға көмек бере алады. Бұл ретте "ҚазБАД" сатылымдар жасаумен айналыспайды, дейді компания басшысы. Бұл бизнесмендер идеясының ұрлануына жол бермейді.

капсулы КазБАД
Фото: "КазБАД"

"Біз кез келген идеяны іске асыра аламыз. Біздің клиенттерге ұсынатын артықшылығымыз – жылдамдық, себебі біз міндеттерді алдын ала анықтаймыз. Мәселен, күніне 2,7 млн капсула шығаруға қауқарлымыз. Тағы бір артықшылық – бұл шығын материалдары. Көтерме сатыпалулар жасап, оларды қоймада сақтаймыз. Клиент тапсырыс берушіден дәл сондай банкаларды мыңдап сатып алмай-ақ, бізден бір-бірлеп ала алады. Одан бөлек, мәселен тапсырыс бойынша кемінде 500 келі болатын таспаларды біз граммен өлшейміз. Біздің жұмыс клиенттердің алғысхаттарымен, сонымен бірге "Жыл көшбасшысы", "Сала көшбасшысы" сыйлықтарымен марапатталған", - дейді Ермек Кенгербаев.

Оған қоса, "КазБАД" ЖШС ЭКО, HACCP, HALAL, ISO22000 және ISO9001 сертификаттарына және растауды жыл сайын қажет ететін GMP сертификациясына ие.

Сонымен бірге компания өте тату әрі жауапты, лауазымдар мен жалақыларға, жұмысқа алуға қатысты, ел заңнамасына сай гендерлік теңдікті ұстанатын ұжымымен мақтана алады.

Бұлардан бөлек, "КазБАД" ЖШС қысқа мерзімге жұмыс күші қажет болған жағдайда ірі компанияларға еңбек аутсоргингі қызметін ұсынады. Компания бір ауысымға 50 адамға дейін жұмыс күшін ұсынып, үш ауысымға дейін қызмет көрсете алады. Жұмыс тапсырыс берушінің қоймаларында немесе компания базасында жүзеге асуы мүмкін.

"Біз өндірістік арнайы жасақ ретінде жұмыс жасай аламыз", - дейді Ермек Кенгербаев.

*PR құқығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1988543-qazaqstandyq-kasipkerler-bes-myn-tengege-ondiris-zasauga-tapsyrys-bere-alady/

pixel