Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Нью-Йоркте әлемнің жетекші IT компанияларында жұмыс істеп жатқан қазақстандықтармен кездесті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдерімен кездесуде
Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдерімен кездесуде. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Нью-Йорк қаласында шетелде тұратын әрі әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істеп жатқан 400 қазақстандықты біріктіретін Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

Бейресми жағдайда өткен кездесуде Қазақстанда ІТ саласын дамыту перспективалары мен қазіргі әлемдік үрдістер талқыланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде Әділетті Қазақстан дарынды жастарға жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтқан.

Президент Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдерімен кездесуде
Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдерімен кездесуде. Фото: Ақорда

Сонымен қатар кездесуде Taskrabbit.com компаниясының стратегия және даму жөніндегі жетекшісі Әсет Әбдуәлиев, DCVC компаниясының венчурлық инвесторы әрі директоры Анна Фокина, Google компаниясының инженер-программисі Арай Сабыржан және Booking.com компаниясының менеджер-программисі Әлібек Датбаев сөз сөйлеген.

Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдері
Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдері. Фото: Ақорда

Олар президентке шетелдік компаниялардағы жұмыстарынан алған әсерін айтып, отандық ІТ саласын одан әрі дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныс білдірген.

Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдері
Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдері. Фото: Ақорда

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Nomads өкілдеріне табыс тілеп, олар еліміздің дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосатынына сенім білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1988595-toqaev-nyu-iorkte-digital-nomads-it-qogamdastygy-okilderimen-kezdesti/

pixel