Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкімет басшысының БАӘ-ге сапарында жалпы құны 900 млн доллар болатын құжаттарға қол қойылды

Опубликовано:

Қазақстан мен БАӘ өкілдері екіжақты құжаттарға қол қойылған сәт
Қазақстан мен БАӘ өкілдері екіжақты құжаттарға қол қойылған сәт. Фото: primeminister.kz

Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барған еліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов осы елдің іскер топтар өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Кездесу қорытындысы бойынша жалпы сомасы 900 млн АҚШ долларын құрайтын бірқатар екіжақты коммерциялық құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, инвесторларға тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ саласы, құрылыс және басқа салалардағы жаңадан 40 инвестициялық жобалар тізімі ұсынылған.

Кездесулердің қорытындысы бойынша премьер-министрдің қатысуымен экономиканың түрлі секторларында жалпы сомасы 900 млн АҚШ долларын құрайтын бірқатар екіжақты коммерциялық құжатқа қол қойылды.

Оның ішінде: 

  • Citix ЖШС мен The Gulf Foundation арасындағы БАӘ-де инновациялық және IT-шешімдерді құру жобасын іске асыруға SmartCity&Adtech кешенді шешімі туралы келісімшарт; 
  • Астана қаласында жекеменшік мектеп салу бойынша BI Group және International Community Schools арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • Ақтөбе қаласында жекеменшік мектеп салу бойынша Эрудит Бизнес ЖШС және International Community Schools арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 
  • KazakhAgroExport ЖШС және Health Plus General Trading LLC  арасындағы БАӘ-ге ет өнімдерін жеткізу жөніндегі экспорттық келісімшарт;
  • Оптоград  ЖШС мен Laser Meat Trading Est арасындағы БАӘ-ге қой етін жеткізу жөніндегі экспорттық келісімшарт; 
  • ҚазСтандарт РМК және GulfTIC арасындағы Парсы шығанағы елдеріне экспорттау үшін қазақстандық өнімді сертификаттау саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум және тағы басқа құжаттар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1988736-ukimet-bassysynyn-baa-ge-saparynda-zalpy-quny-900-mln-dollar-bolatyn-quzattarga-qol-qoiyldy/

pixel