Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарының соңында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттеришпен кездесті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Антониу Гуттериш
Қасым-Жомарт Тоқаев және Антониу Гуттериш. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарының соңында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуде Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың жай-күйі мен перспективалары талқыланған.

Сондай-ақ қазіргі заманның өзекті сын-қатерлерін шешудің ұжымдық әдістерін әзірлеуге бағытталған күш-жігерге ерекше назар аударылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерриштің БҰҰ Бас хатшысы лауазымындағы қызметін жоғары бағалап, оның 2023 жылы "Болашақ саммитін" шақыру туралы бастамасын толық қолдайтынын жеткізген. Президент осы маңызды жиынның қорытындысы Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал ететініне сенім білдірген.

Одан бөлек тараптар мемлекет басшысының Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ хабын құру бастамасының жүзеге асырылу барысын қарастырған. БҰҰ Бас хатшысы бұл маңызды бастаманы қолдайтынын айтқан.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришті Қазақстанға сапармен келуге шақырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1988796-toqaev-nyu-iorkke-zumys-saparynyn-sonynda-buu-bas-xatsysy-gutterispen-kezdesti/

pixel