Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишельмен кездесуде қандай мәселелерді талқылады

Опубликовано:

Тоқаев Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишельмен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев және Шарль Мишель. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммит аясында Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар саяси диалогты дамытуға, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аудара отырып, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту перспективаларын талқылаған.

Еуропалық кеңес мүшелерімен келіссөз барысы
Еуропалық кеңес мүшелерімен келіссөз барысы. Фото: Ақорда

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шарль Мишель Қазақстан президентінің 2021 жылғы қараша айында Брюссельге ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың барысына көңілдері толатынын атап өткен.

Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысы Шарль Мишельді Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар еткен.

Одан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңестің президенті тұрақты байланыс орнатуға келіскен.

Қазақстан президенті кездесу соңында Шарль Мишельді елімізге сапармен келуге шақырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1988797-toqaev-europalyq-kenes-prezidenti-sarl-miselmen-qandai-kelissoz-zurgizdi/

pixel