Сенат Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастау туралы ұсынысты қолдады

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Сенат депутаттары палатаның жалпы отырысында Тұңғыш президент күнінің мәртебесін қайта қарауға байланысты заң жобасын қолдады. Құжат мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мұндай норма "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында белгіленген.

Заң жобасы қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге және Қазақстан Республикасында кинематографияны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған нормаларды ұсынады.

"Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға өзгертулер енгізу ұсынылып, Республика күнін 25 қазанда мемлекеттік мереке, ал Тәуелсіздік күнін 16 желтоқсанда мемлекеттік мереке ретінде белгілеу ұсынылады. Мемлекеттік мерекелер тізімінен Тұңғыш президент күні – 1 желтоқсан алынып тасталсын", — делінген Сенаттың тиісті комитетінің қорытындысында.

Еске сала кетейік, Тұңғыш президент күні Қазақстанда мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылуы мүмкін екені қыркүйек айының басында белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1989060-senat-tungys-prezident-kunin-memlekettik-merekeler-tiziminen-alyp-tastau-turaly-usynysty-qoldady/