Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"40 жастан кіші емес": Қазақстан президенттігіне кандидатқа қойылатын талаптар белгілі болды

Опубликовано:

Сайлау1
Көрнекі фото: pixabay.com

Орталық сайлау комиссиясының отырысында елдің болашақ президентіне қойылатын талаптар белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, Қазақстан президенттігіне кандидатқа келесідей талаптар қойылады:

  • туғанынан Қазақстан азаматы болуы;
  • соңғы 15 жыл ішінде Қазақстан аумағында тұру;
  • жоғарғы білім;
  • жасы 40 жастан кіші емес;
  • белсенді сайлау құқығының болуы;
  • мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымдарда жұмыс тәжірибесі;
  • мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.

Президенттікке кандидатты қолдау облыстардың, қалалардың және астананың кемінде 2/3-ін теңдей етіп білдіретін сайлаушылардың кемінде 1 пайызының қол жинауымен расталуға тиіс.

Қазақстанда 11,8 миллион азамат дауыс беру құқығына ие болғандықтан, әрбір кандидатты қолдау үшін кемінде 118 273 сайлаушының қолы жиналуы тиіс. Кандидаттың барлық талапқа сәйкестігін ОСК белгілейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1989072-40-zastan-kisi-emes-qazaqstan-prezidenttigine-kandidatqa-qoiylatyn-talaptar-belgili-boldy/

pixel