Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент сайлауы алдындағы үгіт-насихат бір айға жуық уақыт жүреді

Опубликовано:

дауыс зорайтқыш
Микрофон. Көрнекі фото: pixabay.com

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров ведомство отырысында президент сайлауы науқаны қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Петров кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталып, 11 қазанға дейін жалғасатынын мәлім етті. Ал үміткерлерге ОСК-ға құжаттарын тапсыру үшін 19 күн уақыт беріледі.

Сондай-ақ ОСК сайлауға байланысты тағы қандай шаралар күтіп тұрғанын айтты.

23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында үміткердің заң талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Қол жинау және оны тексеру (29 күн);

21 қазан сағат 18:00-ден 18 қарашаға дейін – сайлауалды үгіт (28 күн);

19 қараша - тыныштық күні;

20 қараша – дауыс беру күні;

21 қарашадан 27 қарашаға дейін – алдын ала қорытындыларды шығару;

27 қараша – нәтижелерді белгілеу және сайланған президентті тіркеу.

Бұған дейін ОСК Қазақстан президенттігіне үміткерлерді ұсыну 23 қыркүйекте басталатынын хабарлаған. Президенттікке үміткерлерге талаптар да белгілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1989082-prezident-sailauy-aldyndagy-ugit-nasixat-bir-aiga-zuyq-uaqyt-zuredi/

pixel