Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚШҰ-ның оқу-жаттығулары Қазақстанда болады: Қорғаныс министрлігі үндеу жасады

Опубликовано:

Әскери оқу-жаттығу
Ту ұстаған әскерлер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасап, ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерімен оқу-жаттығулар болатыны туралы ескертті, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Жамбыл, Алматы облыстарында ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің "Өзара іс-қимыл-2022", "Іздеу-2022", "Эшелон-2022" оқу-жаттығулары өтеді.

"Осыған байланысты 22 – 30 қыркүйек аралығында елімізге Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылады", – дейді ведомство.

Әскери контингенттердің қозғалысы кезінде коменданттық қызмет, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және оларды жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталатын болады делінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1989192-uqsu-nyn-oqu-zattygulary-qazaqstanda-otedi-qorganys-ministrligi-undeu-zasady/

pixel