Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстан құрамасын тарихи жеңісімен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында футболдан ұлттық құраманы тарихи жеңісімен құттықтады. Қазақстандықтар Беларусь командасын 2:1 есебімен жеңді.

"Бүгін Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі. Ұлттық құрамамызды құттықтаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер!", – деді президент.

Матч бір сағат бұрын аяқталды. Ол елордалық "Астана Аренада" өтті. Ойын нәтижесінде Қазақстан құрамасы Беларусь командасын минималды – 2:1 есебімен ұтты.

Осылайша Қазақстан мерзімінен бұрын топта бірінші орын алып, Ұлттар лигасының В лигасына жолдама алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1989197-toqaev-qazaqstan-quramasyn-tarixi-zenisimen-quttyqtady/

pixel