Қайрат Сатыбалдыұлының сыбайласына іздеу жарияланды

Опубликовано:

Эфенди Кемаль
Эфенди Кемаль. Фото: t.me/antikornews

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда. Қазіргі уақытта агенттік Сатыбалдыұлының сенімді адамы Эфенди Кемальға іздеу жариялады, деп хабарлайды ANTIKOR News Telegram арнасы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша Сатыбалдыұлына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Арна мәліметінше, тергеу барысында Сатыбалдыұлының аса сенімді адамы анықталған. Ол 1983 жылы туған Эфенди Кемаль есімді Қазақстан азаматы. Оның бірқатар коммерциялық кәсіпорындардың құрылтайшысы және директоры екені анықталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Эфендидің қылмыстық рөлі кеден саласындағы мәселелерді шешу, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және басқа да мүлікті заңдастыру болған.

Ол үшін Сатыбалдыұлы Эфенди Кемальға шоттан ақша алуға сенімхат берген. Эфендидің бір эпизоды бойынша, 2018 жылдың шілдесі мен тамыз айының 3 күнінде Сатыбалдыұлының жеке шотынан қолма қол 37 миллиард теңге және 62 миллион ақша алған.

"Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Эфенди Қазақстаннан тыс жерлерде жасырынып, қылмыстық қудалау органына келуден жалтарып жүр. Оның құқыққа қарсы әрекеттері қылмыстық кодекстің 218-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сараланып, іздеу жарияланды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - делінген ANTIKOR News Telegram арнасы мәліметінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1989483-qairat-satybaldyulynyn-sybailasyna-izdeu-zariyalandy/