Тоқаев Әскери-әуе күштерінің қолбасшысын тағайындады

Опубликовано:

әскери тікұшақтар
Әскери тікұшақтар. Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштер Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Зарлықұлы Қоңыров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген өкім мәтінінде.

Сонымен қатар, тағы бір құжатқа қол қойылды. Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Топаев Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1989575-toqaev-askeri-aue-kusterinin-qolbassysyn-tagaiyndady/