Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Премьер-министр Қазақстанға Ресейден келушілер санының артуына байланысты кеңес өткізді

Опубликовано:

Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов. Фото: Үкіметтің Telegram-арнасынан алынды

Премьер-Министрі Әлихан Смайылов көші-қон мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Онда Ресей Федерациясынан келушілер санының артуына қатысты қалыптасып отырған ахуал талқыланды. Бұл туралы Primeminister.kz ресми сайтында хабарлады.

Әлихан Смайылов көші-қон мәселесі бойынша кеңес өткізіп, онда Ресей елінен келушілер санының арту мәселесін талқылады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өңірлер бойынша орналастыру, ықтимал жұмысқа орналастыру, консультациялық қызмет көрсету мәселелеріне тоқталды.

Ал ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мигранттарды тіркеу және құқық қорғау органдары мәселесіне, әділет министрі Қанат Мусин жалға берілетін тұрғын үй нарығының құқықтық аспектілеріне тоқталды.

Ведомства мәліметінше, кеңеске ғылым және жоғары білім министрлері Саясат Нұрбек, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлері – Бағдат Мусин, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев пен Алматы қаласының әкімі – Ерболат Досаев қатысқан.

Премьер-министр өңірлердегі әлеуметтік шиеленістің алдын алу үшін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын үйлестіруді күшейту қажеттігін айтты.

"Елдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту, сондай-ақ келіп жатқан ресейліктерге жәрдем көрсету керек. ЕАЭО заңнамасына сәйкес оларды уақытылы тіркеп, еңбекпен қамту мәселелерін қарастыру қажет. Бұл орайда жалға берілетін тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдау маңызды", - деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, барлық мемлекеттік құрылымдар өз құзыреті аясында отандастарымызға да, мигранттарға да тараптардың құқықтары мен жауапкершілігіне байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.

Алдағы күндері бұл мақсатта жедел желілер ашылады.

Сонымен қатар премьер-министр уақытша келген шетел азаматтарын жұмысқа орналастыру кезінде еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Оған қоса, Смайылов барлық көлік инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мен елге келіп жатқан адамдардың бір жерде шоғырлануын болдырмау жөнінде қажетті шаралар қабылдауды және ХҚКО-лардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін қосымша қызмет көрсету терезелерін ашуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1989693-smaiylov-qazaqstanga-keletin-reseilikterge-komek-korsetudi-tapsyrdy/

pixel