Тоқаев Ижевск қаласындағы оқиғаға байланысты Ресей президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ижевск қаласындағы мектепке жасалған шабуыл салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлайды Борт N1 Telegram арнасы.

"Ресей Федерациясының Ижевск қаласындағы №88 мектепке жасалған қарулы шабуыл салдарынан азаматтардың, соның ішінде балалардың қаза табуы туралы қайғылы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым.

Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, сізге және қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Сондай-ақ барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, бүгін Ресейдің Ижевск қаласында белгісіз ер адам мектепке шабуыл жасап, адамдарға оқ жаудырды. Нәтижесінде 15 адам қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1989700-memleket-bassysy-toqaev-izevsk-qalasyndagy-oqigaga-bailanysty-resei-prezidentine-konil-aitu-zedelxatyn-zoldady/