Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада 6 қазанда Amanat партиясының кезектен тыс XXIV съезі өтеді

Опубликовано:

Amanat партиясының Астанадағы филиалының ғимараты
Amanat партиясының Астанадағы филиалының ғимараты. Фото: Facebook/AMANAT

Астанада 6 қазанда Amanat партиясының кезектен тыс XXIV съезі өтеді. Бұл туралы партия Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

"Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс XXIV съезді 6 қазанға Астана қаласына шақыру туралы қаулыға қол қойды.

Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық іс-шараларын қолға алды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Amanat партиясының кезектен тыс XXIII съезі биылғы сәуірде Астана қаласында өткен еді. Съездге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, Amanat партиясының төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Партияның төрағасы болып мәжіліс спикері Ерлан Қошанов сайланды.

Сондай-ақ Adal партиясы Amanat партиясымен бірікті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1989740-elordada-6-qazanda-amanat-partiyasynyn-kezekten-tys-xxiv-sezi-otedi/

pixel