Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды (видео)

Опубликовано:

Мемлекет басшысының Шымкентке жұмыс сапары
Мемлекет басшысының Шымкентке жұмыс сапары. Фото: Telegram/БОРТN1

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінің Telegram-дағы ресми арнасы хабарлады.

"Президент жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді", - делінген мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.

Мемлекет басшысы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, оған тиісті күтім жасауды тапсырды.

Мұнан соң Қасым-Жомарт Тоқаев облыс жұртшылығымен кездесуде сөз сөйлеп, алдағы президент сайлауына, әлемде болып жатқан жағдайға қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ президент, Қазақстанға ағылып келе жатқан ресейліктерге байланысты Ресеймен келіссөздер жүргізуге уәде берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1989840-toqaev-zumys-saparymen-symkentke-bardy/

pixel