Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің дұрыс қорғалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды

Опубликовано:

Мемлекет басшысының Түркістанға жұмыс сапары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды: Telegram/БОРТN1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасы.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жай-күйімен танысып, нысанның дұрыс қорғалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды", - делінген президент баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды.

Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесуінде сөз сөйлеп, алдағы президенттік сайлау туралы айтты. Сонымен қатар ол Түркістанға Қазақстанның рухани-тарихи астанасы мәртебесін беруді ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1989859-toqaev-qoza-axmet-yasaui-kesenesinin-durys-qorgaluyn-qatan-baqylauga-aludy-tapsyrdy/

pixel