Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шынайы отаншылдық": Тоқаев Шымкенттегі футбол матчында туды аман алып қалған жігіттерге алғыс айтты

Опубликовано:

Шымкент стадионындағы жағдай
Туды алып шыққан жігіттер. Видеодан кадр: tiktok.com/@ernar_ahmetjan

Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Шымкент стадионында футбол матчы болып жатқанда қираған шатыр астынан көк туды алып шыққан жігіттерге алғыс жариялады, деп хабарлайды президент баспасөз қызметінің Telegram арнасы.

"Былтыр стадионда футбол матчы болып жатқанда спорт кешенінің шатыры тудың тұғырын басып қалғаны елдің есінде. Сол кезде тұрғындар қауіп-қатерге қарамастан, шатырдың астынан көк байрағымызды алып шықты.

Шынайы отаншылдық осындай әрекеттен көрінеді. Құр сөзден түк шықпайды. Алаңдарға шығып, жалған ұран тастап жүргендердің, меніңше, нағыз отансүйгіштікке ешқандай қатысы жоқ", - деді мемлекет басшысы Шымкент жұртшылығымен кездесуде.

Туды жерге түсірмей алып шыққан жігіттер де сол жиынға қатысқан.

"Олардың отанға деген адалдығын жастарға үлгі етуіміз керек. Осыған орай мен Әбілқайыр Дәулетов, Бекмұрат Қараев және Нұркен Намазға Алғысымды жариялаймын", - деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1989885-synaiy-otansyldyq-toqaev-symkenttegi-futbol-matcynda-tudy-aman-alyp-qalgan-zigitterge-algys-aitty/

pixel