Тоқаев: Бізге сыртқы жау да, ішкі дау да қажет емес

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентке жұмыс сапары барысында қала жұртшылығымен кездесіп, еліміздің сыртқы саясаттағы бейтарап ұстанымы туралы айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде мемлекет басшысы алмағайып заманға тап келгенімізді түсіндіріп, көршілес елдерде қарулы қақтығыстар болып жатқанын айтып өткен.

"Алпауыт мемлекеттердің санкциялық текетіресі жағдайды одан сайын ушықтырып тұр. Осындай күрделі кезеңде халықтың  ауызбіршілігі айрықша маңызды. Берекенің көзі – ынтымақта. Бұл сөздің астарына үңілсек, береке дегеніміз – экономика, ал ынтымақ  дегеніміз – саясат. Ел тыныштығын сақтай алсақ қана, өсіп-өркендей аламыз. Бізге сыртқы жау да, ішкі дау да қажет емес.

Сондықтан, сыртқы саясатта бейтарап ұстанымды сақтап отырмыз. Бұл ұстаным халықаралық қоғамдастықта жоғары бағаланады және еліміздің түпкі мүддесіне сай келеді. Ал ішкі саясатта бірлік пен татулыққа баса мән беруіміз керек" , – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1989892-toqaev-bizge-syrtqy-zau-da-iski-dau-da-qazet-emes/