Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Қазақстан БҰҰ-да цифрланған үздік 30 елдің қатарына кіреді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Telegram/БОРТN1

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен "Digital Bridge 2022" халықаралық технологиялық форумының пленарлық отырысы өтті. Жиында мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ-да ең цифрланған отыз елдің қатарына кіретінін мәлім етті, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметінің Telegram арнасы.

"Сарапшылардың болжамы бойынша, он жылдан кейін әлемдегі өнімдер мен қызметтердің 70 пайызы цифрлық платформалық модельдерге негізделеді. Осындай жағдайда Қазақстан өз алдына еуразиялық кеңістіктегі ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналу стратегиялық міндетін қойды.

Бұл үшін берік негіз бар. Бүгінде Қазақстан көптеген дамыған елден озып, БҰҰ-ның цифрланған мемлекеттер рейтингінде үздік отыз елдің қатарына кіреді.

Қазақстан цифрландырудың дамыту векторын мазмұндық жағынан да, институционалдық тұрғысынан да нақты айқындағанын атап өткен жөн", - деді президент өз сөзінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1990000-toqaev-qazaqstan-buu-da-en-cifrlangan-30-eldin-qataryna-kiredi/

pixel