Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев шалғай ауылдарда SpaceX және OneWeb жүйелерінің жұмысын жолға қоюды тапсырды

Опубликовано:

Тоқаев халықаралық форумда сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық форумда сөз сөйледі. Фото: Telegram/БОРТN1

"Digital Bridge 2022" халықаралық технологиялық форумының пленарлық отырысына қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев барлық азаматты қолжетімді және сапалы интернетпен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ президент баспасөз қызметінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

"Біз қазақстандық нарыққа Microsoft Azure, Amazon Web Services, Google Cloud және тағы басқа ірі ойыншыларды белсенді түрде тартып жатырмыз. Халықтың 40 пайызға жуығы ауылдық жерлерде тұратын біздің еліміз үшін барлық азаматты қолжетімді және сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету өзекті мәселе.

Цифрлық даму министрлігі ең шалғай ауылдарды SpaceX және OneWeb төмен орбиталық спутниктік жүйелер желілерімен қамту жұмысын күшейтуі керек", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, осы форумда мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ-да цифрланған үздік отыз ел қатарына кіретінін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1990008-toqaev-elimizdin-salgai-auyldarynda-spacex-zane-oneweb-zuielerinin-zumysyn-zolga-qoyudy-tapsyrdy/

pixel