Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көрінбейтін үкімет": Тоқаев мемлекетті басқаруды цифрландырудың жаңа форматы туралы айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Digital Bridge 2022" халықаралық технологиялық форумының пленарлық отырысында мемлекетті басқаруды цифрландырудың жаңа форматы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мемлекет басшысы баспасөз қызметінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

"Маңызды басымдықтардың бірі – "Government to citizens" саласы, яғни, азаматтарға қызмет көрсету.

Санды технологиялардың көмегімен біз азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетіп, барлығына тең мүмкіндіктерге қол жеткізуді көздеп отырмыз.

Ол үшін мемлекеттік басқаруды цифрландырудың сапалы жаңа форматы – "Invisible Government" ("Көрінбейтін үкімет") форматына көшу қажет.

Оның мәні - мемлекеттік саясаттың басты назары адамға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне бағытталғанында жатыр. Мемлекет қабылдаған ауқымды шаралар мен шешімдер азаматтарға көрінбейді – ол нақты нәтижені ғана көреді", - деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, ел президенті форумда сөйлеген сөзінде Қазақстанның БҰҰ бойынша цифрланған үздік отыз мемлекет қатарына кіретінін жеткізді, сондай-ақ ол еліміздің шалғай ауылдарында интернетті қолжетімді ету үшін SpaceX және Oneweb жұмысын жолға қоюды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1990019-korinbeitin-ukimet-toqaev-memleketti-basqarudy-cifrlandyrudyn-zana-formaty-turaly-aitty/

pixel