Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалыпты тәжірибе": Қуантыров Қазақстанға келген ресейліктердің еңбек нарығына әсері туралы ойын айтты

Опубликовано:

Әлібек Қуантыров
Фото: primeminister.kz

Мәжілістегі БАҚ өкілдеріне арналған алаңда Ұлттық экономика министрі мемлекеттік жұмыс орындарында, мемлекеттік компанияларда жұмысқа қабылдауда қазақстандықтарға басымдық берілетінін, ал жекеменшік ұйымдардың таңдау құқығы бар екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл сұрақты журналистер койды. Олар үкіметте Ресей азаматтарының қайда жұмысқа орналасатыны туралы дағдарысқа қарсы жоспары бар-жоғын сұрады.

Бұған жауап ретінде Әлібек Қуантыров үкіметтің бірінші кезектегі міндеті – Қазақстан азаматтарына қамқорлық жасап, ұлттық мүддені қорғау екенін айтты.

"Жұмыспен қамтуда бұрынғысынша Қазақстан азаматтарына басымдық беріледі. Ал келген шетел азаматтары біздің елде қазақстандықтар арасында сұранысқа ие емес бос орындарға орналаса алады, яғни, маусымдық жұмыстар, құрылыс секторы және тағы басқа салалар. Жекеменшік сектордың таңдау құқығы бар.

Дәрігерлерге келсек, менің түсінгенім, дәрігерлер жетіспейді. Білікті дәрігерлер артық етпейді деп ойлаймын. Керісінше, бұл денсаулық сақтау саласына пайдалы", - деді ол.

Министрдің сөзінше, Еуразиялық экономикалық одақ келісімі бойынша кадрлардың еркін қозғалысы қамтамасыз етіледі.

"Екінші жағынан, олар Қазақстан республикасының Салық кодексіне сәйкес дәл солай салық төлейтін болады. Бірақ тұтастай алғанда, экономиканың өсуін, жаңа инвестицияларды, компаниялардың қоныс аударуын ескерсек, шетелден жұмыс күшінің ағылуы қисынды деп ойлаймын және бұл қалыпты тәжірибе", - деп түйіндеді сөзін Қуантыров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1990030-qalypty-taziribe-quantyrov-qazaqstanga-kelgen-reseilikterdin-enbek-narygyna-aseri-turaly-oiyn-aitty/

pixel