Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтеді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Айта кетейік, Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бұған дейінгі отырысы биылғы жылдың 30 маусымында өткен еді.

Жиында Қаржы секторын дамыту, қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттер, қауіпсіз атом және сутегі энергетикасын дамыту жөніндегі шаралар, көші-қон саясатын жетілдіру сынды тақырыптар көтерілген болатын.

Сондай-ақ президент Түркияның "Аккую" АЭС-ін салудағы тәжірибесін жан-жақты зерделеуді тапсырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1990078-bugin-toqaevtyn-toragalygymen-reformalar-zonindegi-zogary-kenestin-kezekti-otyrysy-otedi/

pixel