Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ішкі істер министріне көші-қон мәселесіне тиімді бақылау жүргізу бойынша тапсырма берді

Опубликовано:

Марат Ахметжанов президентке баяндама жасады
Қасым-Жомарт Тоқаев және Марат Ахметжанов. Фото: Telegram/БОРТN1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды президент баспасөз қызметінің БОРТN1 Telegram арнасы.

Президентке құқықбұзушылықтардың алдын алу, қылмыстарды ашу, тергеу бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресу, жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілген.

Министр президентке Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндаған. Атап айтқанда, интернеттегі алаяқтыққа, есірткі бизнесіне және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес күшейтілді. Отбасылық-тұрмыстық жанжалдан туындайтын құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп отыр.

Сондай-ақ Марат Ахметжанов Ресей Федерациясы азаматтарының елімізге келуіне байланысты ішкі істер органдары қабылдап жатқан шаралар туралы айтқан.

Бұдан бөлек мемлекет басшысына Ішкі істер министрлігінің бюрократиядан арылту, цифрландыру және жұмыс процесін автоматтандыру, ішкі рәсімдерді оңтайландыру бағытында атқарып жатқан қызметі туралы ақпарат берілген.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу қорытындысы бойынша президент еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыруға, сондай-ақ көші-қон мәселесіне тиімді бақылау жүргізуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1990302-toqaev-iski-ister-ministrine-kosi-qon-maselesine-tiimdi-baqylau-zurgizu-boiynsa-tapsyrma-berdi/

pixel