Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ералы Тоғжанов жалақысының мөлшерін айтудан бас тартты

Опубликовано:

Ералы Тоғжанов
Ералы Тоғжанов. Фото: БҚО әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов журналистермен кездесу өткізді. Оның барысында өңір басшысы облыстағы өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарын айтты, деп хабарлайды "Диапазон".

Аталған кездесу барысында журналистер қауымы әкімнен оның жалақысының мөлшерін сұрады. Алайда Ералы Тоғжанов облыс әкімі ретінде қанша жалақы алатынын айтудан бас тартты.

"Бұл сұрақты жауапсыз қалдырайық. Мен сіздерден жалақыларыңызды сұрамаймын ғой", - деді өңір басшысы.

Еске сала кетейік, Ералы Тоғжанов 31 тамыз күні Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарған болатын. Бұл лауазымды орында ол 2020 жылдың ақпанынан бастап отырған еді.

Осы жылдың қаңтар айында Асқар Мамин үкіметінің отставкасынан кейін Тоғжанов өз орнын сақтап қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1990349-eraly-togzanov-oz-zalaqysynyn-molserin-aitudan-bas-tartty/

pixel