Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жаңа өңірді неліктен Абай облысы деп атағанын түсіндірді

Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысы жұртшылығымен кездесуінде халықтың қалауымен осы аймақта жеке облыс құру туралы шешім қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram арнасы.

"Мен биыл халықтың қалауын ескере отырып, осы аймақта жеке облыс құру туралы шешім қабылдадым.

Аталған қадам өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жедел шешіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді. Инвестицияның келуіне, өнеркәсіп пен жұмыс орындарының ашылуына, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасайды. Аймақты республикалық бюджеттен тікелей қаржыландыру жүйесі жүзеге асады.

Бұл шешім – шын мәнінде, тарихи әділдіктің салтанат құруы. Біз жаңадан құрылған облысты ұлттың ұлы тұлғасына деген ерекше құрмет белгісі ретінде Абай деп атадық", - деді президент.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысына жұмыс сапарымен келгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1990403-toqaev-zana-onirdi-nelikten-abai-oblysy-dep-ataganyn-tusindirdi/