Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Абай облысында шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік жасау қажет

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы жұртшылығымен кездесуі барысында жергілікті шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік жасау керектігін айтты, деп хабарлайды Борт N1 Telegram арнасы.

Президенттің айтуынша, соңғы жылдары Абай өңірінің экономикалық көрсеткіштері біршама жақсарған.

"Былтыр облыстағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 750 миллиард теңгеге жуықтады. Жыл басынан бері аймаққа 197 миллиард теңге инвестиция тартылды.

Жергілікті кәсіпорындарға қолдау көрсетіп, шағын және орта бизнестің дамуына жан-жақты мүмкіндік жасау қажет. Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті, ашық нарық қалыптастыру, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу аймақ басшылығының басты міндеті болуға тиіс", - деді президент.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1990411-toqaev-abai-oblysynda-sagyn-zane-orta-biznestin-damuyna-mumkindik-zasau-qazet/

pixel