Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Абай облысындағы жоғары оқу орындарына қосымша 500 грант бөлуді тапсырды

Опубликовано:

ЖОО
Көрнекі фото: pexels.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысы жұртшылығымен кездесуінде өңірдегі жоғарғы оқу орындарына қосымша 500 грант бөлуді тапсырды, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram арнасы.

"Облыста қазіргі заманға қажетті, жоғары деңгейдегі, білікті мамандар даярлау үшін нақты шаралар қабылдануы керек. Осы орайда, Семейде университеттердің жанынан IT саласы мен тілдерді тереңдетіп оқытатын мектептер ашылуы қажет.

Аймаққа қажетті кадрларды дайындау үшін тиісті стандарт әзірлеген жөн. Жастарымыз сапалы білім алып, туған өлкесін дамытуға үлес қосуға тиіс. Сол себепті, облыстағы жоғары оқу орындарына қосымша 500 грант бөлуді тапсырамын", - деді мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа өңірді неліктен Абай облысы деп атағанын түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1990431-toqaev-abai-oblysyndagy-zogary-oqu-oryndaryna-qosymsa-500-grant-boludi-tapsyrdy/

pixel