Тоқаев Қазнетке жасалған кибершабуылдарға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы жұртшылығымен кездесуде сөз сөйлеп, қазақстандық интернетке жасалған кибершабуылдарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram арнасы.

"Қазір елімізде үлкен саяси науқан басталды. Әрине, сайлау болғаннан кейін түрлі пікірталастар болады. Сонымен қатар, ел мүддесіне кереғар пікір айтатын, тіпті, жалған ақпарат тарататын адамдар пайда болуы мүмкін. Біз осыған сақ болуымыз қажет.

Сайлау жарияланған соң түрлі жалған деректер, ақпарат, яғни фейктер таратылып, кибершабуылдар күшейді. Бұл жайдан жай емес. Кейбір күштер шетелден осындай әрекеттерді ұйымдастырып, ел ішіне іріткі салуды көздейді. Олар Қазақстанда оң өзгерістерге кедергі жасағысы келеді. Бірақ біз бағытымыздан таймаймыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Семейге жұмыс сапарымен барғанын хабарлаған болатынбыз.

Президент Семей жұртшылығымен кездесуінде өңірді неліктен Абай облысы деп атағанын түсіндірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1990433-toqaev-qaznetke-zasalgan-kibersabuyldarga-qatysty-pikir-bildirdi/