Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ембімұнайгаз" мұнай компаниясы 100 жылдығын атап өтті

Опубликовано:

"Ембімұнайгаз" АҚ брифинг
Фото: "Ембімұнайгаз" АҚ баспасөз қызметі

"Ембімұнайгаз" АҚ мұнай компаниясы өзінің бір ғасырлық мерейтойын атап өтті. 100 жыл ішінде 200 млн тоннадан астам мұнай өндірген компания еліміздің ең ірі өндіріс орнына айналды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында "Ембімұнайгаз" басшылығы жұмыс нәтижелерімен бөлісті.

"Ембімұнайгаз" АҚ бас директоры Есен Қайыржан атап өткендей, 1922 жылы Мақат және Доссор кен орындарын игеру мақсатында "Ембімұнай" тресті құрылды. Қазіргі таңда компания балансында 46 кен орны бар, бес мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған, еліміздің барлық мұнай өндірісінің дамыту орталығына айналып отыр.

Компанияның қаржы нәтижелеріне тоқталсақ, тек 2018-2021 жылдары таза табыс 218 млрд теңгені құраған. Пандемия салдарына қарамастан, тіпті 2020 жылы объективті себептерге байланысты компания 18 млрд теңгеге шығынға батқанынымен, "Ембімұнайгаз" даму қарқынын арттыра алды.

Мысалы, егер кәсіпорынның пандемияға дейінгі таза табысы 2019 жылы – 99 млрд теңгені құраса, 2021 жылы ол 56 млрд теңгеге жетті, ал биыл өндіріс орны жоспарға сәйкес 26 млрд теңге көлеміндегі таза табысқа жетуі тиіс, алайда мұнай бағасының өсуіне байланысты компания басшылығы табыс көлемі бұдан да көп болады деп жоспарлап отыр – 56 млрд теңге теңге.

"Орташа рентабельдік соңғы бес жыл ішінде 20% деңгейінде сақталуда және компания биылғы жылды 290 млрд теңге мөлшеріндегі таза капиталмен бастады. Оның ішінде 127 млрд теңге – бөлшектенбеген табыс болып отыр. Сондай-ақ соңғы төрт жылда біз дивиденд ретінде 248 млрд теңге төледік және осы жылдары 150 млрд теңге көлеміндегі күрделі салымдар игерілді. Биыл біз 44 млрд теңгені игереміз деп жоспарлаудамыз", - деді "Ембімұнайгаз" АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова.

Бұдан бөлек шығыстардың негізгі компоненттерінің бірі салық төлемдері болып саналады. Мысалы тек Ұлттық қорға салықтың бес негізгі түрі аударылады: пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық, рента салығы, үстеме пайдаға салынатын салық, корпоративтік табыс салығы және бонустар. Осылайша тек 2018-2021 жылдары компания мемлекет қазынасына 491,6 млрд теңге аударды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 155,7 млрд теңге сомасында салық төленеді деп жоспарланып отыр.

Компания әлеуметтік бағыттағы жұмыстарға да көп көңіл бөледі. Мысалы, 2018-2021 жылдар аралығында қайырымдылыққа 1 млрд 073 млн теңге бөлінді, оның ішінде 2020 жылы COVID-19-ға қарсы күреске – 681 млн теңге мөлшерінде демеушілік көмек көрсетілді.

"Мектепке жол" акциясына компания шамамен 36 млн теңге бөлді. Сонымен қатар жүз жылдық мерейтойды атап өту аясында "Ембімұнайгаз" облысқа сирек кездесетін мамандарды - балалар гинекологтарын, уролог және эпилептологтарды шақырды. Енді олар бір апта бойы елден немесе облыстан тыс жерге бару мүмкіндігі жоқ, мүгедектігі бар балаларды қабылдап, кеңес беретін болады. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға балалар арбаларымен және арнайы аяқ киіммен қамтамасыз ету бағытында көмек көрсетілді.

Кәсіпорын бұрын "Ембімұнайгазда" жұмыс істеген зейнеткерлерді де назардан тыс қалдырмайды. Жыл сайын 2 200-ден астам адамға сауықтыру мақсатында 150 мың теңге көлеміндегі біржолғы көмек берілсе, мерекелерге жылына үш рет сыйақы, сондай-ақ дәрі-дәрмектер мен операцияларға жұмсалатын шығындардың өтемақысы ұсынылады.

Компания экологиялық ахуалды да бақылауда ұстайды. Жақында топырақтың көп жылғы ластануы толығымен жойылып, тұрақты негізде ластану көздері және атмосфераның ластану деңгейіне мониторинг жүргізіледі.

Компанияның алдағы жоспары – 80 млн тонна мұнай өндіру. Биылғы жылдың тек сегіз айында "Ембімұнайгаз" жоспарланған 1,7 млн тонна мұнай орнына 2,5 млн тонна мұнай өндіріп үлгерді. Бұған қоса жаңа кен орындары игерілуде. Ал болашақта компанияның 46 кен орнына тағы екеуі қосылуы мүмкін – қазіргі таңда "Ембімұнайгаз" аталған мәселе бойынша құзырылы министрлікпен келіссөздер жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1990435-embimunaigaz-munai-kompaniyasy-100-zyldygyn-atap-otti/

pixel