jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    "Қатты қысылдық": Павлодар облысының әкімі мектеп кезіндегі қызықты оқиғасымен бөлісті

    Әбілқайыр Сқақов
    Әбілқайыр Сқақов. Фото: instagram.com/skakov_abylkair

    Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов мектептегі қызықты сәтін еске алып, ұлағатты ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңір басшысының Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

    "Осы жексенбіде қазақстандықтар ең сүйікті мерекенің бірі — Ұстаздар күнін атап өтеді.

    Əрқайсымыз мектеп өмірімен байланысты қуанышты, жылы күндерді ерекше еске аламыз. Көңілді де мұңды, күлкілі де құнды оқиғалар жүректе өшпес із қалдырды. ⠀ Менің де бір оқиғам есімде ерекше сақталды.

    8-сыныпта оқып жүргенімде сыныптастарыммен бірге сабақтан қашып кеттік. Досыммен менің үйіме кеттік. Келе жатып терезеден анаммен сөйлесіп тұрған біздің Балкен Мұратқызын көріп қалдық. Сол сəтте тез бұрылып кетіп, досымның үйіне қарай беттедік. Мұғалім ол жерге де жетіп үлгеріпті. Сөйтсек, ата-аналардан біздің жағдайымызды сұрастырып жүр екен. Қашып үлгердік. Балкен Мұратқызы ауылдағы барлық үйді аралап шыққанша қашып жүрдік. Ақыры, сегізінші сынып оқушыларының сыры ашылып, ертеңінде бəріміз бірге мұғаліміміздің алдында кешірім сұрадық. Ұяттан қызарып, ұстазды əуреге салғанымыз үшін қатты қысылдық. Ендігі жолы мұндайды қайталаған емеспіз. Өмірлік сабақ болды десем артық болмас" - деп жазды Павлодар облысының әкімі.

    Осы орайда Әбілқайыр Сқақов ұстаздарға қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіріп, барлық мұғалімдерді келе жатқан мерекесімен құтықтады.

    "Қатты қысылдық": Павлодар облысының әкімі мектеп кезіндегі қызықты оқиғасымен бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.